23 қазан 2018 | 16:46

Қайрат Қожамжаров Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fdk.kz © fdk.kz

Қайрат Қожамжаров Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Қожамжаров Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қожамжаров Қайрат Пернешұлы сайланды.

"Құрметті конференцияға қатысушылар, дзюдо федерациясын басқару – мен үшін үлкен мәртебе. Маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын! Дзюдо елімізде танымал және дамыған спорт түрі екені анық. Менің кәсіби тәжірибем Қазақстан дзюдо федерациясының әрі қарай дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді Қайрат Қожамжаров.

Конференцияға ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры Рамазанов Елдос Мұратұлы, ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директорыАсхат Житкеев, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, дзюдодан Әлем Чемпионы Максим Раков, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов, жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко қатысты.

Жиын соңында жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Бекарыс Сәдуақас пен жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко Дзюдо федерциясының президентіне құрмет ретінде кимоно сыйлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети