Астанада "Тау-кен өндірісінің ғылыми-технологиялық дамуы" тақырыбындағы хакатон өтуде. Шараға қатысушылар арасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, KAZ Minerals қызметкерлері мен Қазақстанның маңдайалды университеттерінің ғалымдары бар.
Астанада "Тау-кен өндірісінің ғылыми-технологиялық дамуы" тақырыбындағы хакатон өтуде. Шараға қатысушылар арасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, KAZ Minerals қызметкерлері мен Қазақстанның маңдайалды университеттерінің ғалымдары бар.
Хакатонның қарсаңында ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және бірқатар зерттеушілер Павлодар облысындағы KAZ Minerals Bozshakol өндірістік кешеніне барған болатын. Онда қонақтарға мыс өндірісінің барлық кезеңі – карьерден дайын концентратқа дейінгі жұмыс барысы көрсетілді.
Хакатонда ғалымдар инновацияларды қолдану арқылы кен өндіру және өңдеу жұмыстарын жақсартуға арналған жобаларды талқылады. Олардың қатарында жасанды интеллект, 3D-сканерлеу және сандық бақылау жүйесі секілді өндірістің тиімділігін, экологиялық қауіпсіздікті және жұмыс процесстерін жақсартатын заманауи шешімдер бар. Бұл ретте компанияның аталмыш технологияларды қолданысқа енгізгенін атап өту қажет. Сонымен қатар, кен байыту фабрикаларының қалдықтарын қайта өңдеу, өндіріс көлемін ұлғайту және энергия үнемдеу мақсатында кенді ұсақтау жұмысын оңтайландыру және мыс пен басқа да металдарды өндіру үшін қажет жаңа реагенттер мәселелері талқыланды.
"Ғылыми әдістемелерді қолдану тиімділікті ұлғайтып, шығын көлемін азайтып қана қоймай өндіріс көлемін арттырып, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға септігін тигізеді. Біздің Топ үшін ғылыми қауымдастықпен әріптес болу – саланың жалпы дамуы үшін қосылған қомақты үлес болып саналады, себебі ғылыми көзқарас тұрақты, әрі экологиялық тұрғыда тиімді әдістерді қолдануға жол ашады", - дейді KAZ Minerals Management басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Талқылаулар негізінде мамандар зерттеулердің жалғастыру үшін тиімді технологиялық ұсыныстарды дайындап, маңызды басымдықтарды айқындайды. Хакатонның соңында KAZ Minerals үшін басым ТОП-5 жоба таңдалып алынады.
Суреттер:KAZ Minerals
"Хакатон – нақты технологиялық міндеттемелердің шешімін табу мақсатында ғалымдар мен өндіріс өкілдерінің күшін біріктіретін тамаша мүмкіндік. Мұндай инновациялық формат еліміздегі ғылым мен технологиялық жетістіктерді коммерцияландыруға негіз болып табылады. Бұл біз өткізіп отырған бесінші хакатон, және келер жылдың жазына дейін тағы 15 ауқымды хакатон өткізу жоспарда бар", -деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Ғылыми-инновациялық хакатон өндіріс саласын дамытудағы маңызды қадам және ғылым мен өнеркәсіп арасындағы әріптестіктің зор әлеуетін айқындайтын шара болып табылады. Мұндай бастамаларды қолдау KAZ Minerals пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тұтас саланың жемісті, әрі ұзақ мерзімді дамуына кепілдік болатын озық әдістемелер мен технологияларды қолданысқа енгізуге мүдделі екенін көрсетеді.