09 қараша 2020 12:06

Қазақстанда бірдей нөмірмен жүрген көліктер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Полицейлер Қазақстанда бірдей ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Полицейлер Қазақстанда бірдей ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан - Щучинск және Алматы - Қорғас жолдарының ақылы учаскелерінде Ресей Федерациясының мемлекеттік тіркеу нөмірлері бірдей автомобильдер анықталды. Ақылы трассалар бойынша өтетін жолдардың детализациясын өңдеу барысында нөмірлері бірдей автомобильдер анықталды.

Нұр-Сұлтан - Щучинск ақылы учаскесінде Н 837 НУ 96 rus нөмірлі Toyota Estima автокөлігі тіркелді, осы уақытта дәл осы нөмірлі автокөлік Алматы - "Қорғас" тасжолында жүріп өтті.

Осыған ұқсас жағдай Toyota Estima және Toyota Alphard автомобильдерімен тіркелген. O 298 УН 96 Rus нөмірл Toyota Estima үш автомобилі және Toyota Alphard маркалы М 251 ТО RUS нөмірімен үш авто жүргені анықталды", - деді полициядағылар.

Қалалық полицейлер O 298 УН 96 rus нөмірлі Toyota Estima және М 251 ТО RUS нөмірлі Toyota Alphard көлігі жүргізушілерін ұстады.

Екі көлік жүргізушілеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжатты пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Полициядағлар қалған көліктер бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети