05 мамыр 2021 19:02

Қазақстанда вакцинация сәтсіз болды ма? Цой жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация сәтсіз болды деген пікірге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация сәтсіз болды деген пікірге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцинацияның өзі тұрақты қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстан дүние жүзінде вакцинация салдырған азаматтар саны бойынша 57-орында тұр. Қарқынымыз қалыпты. Егер біз вакцинацияны алғашқы кезеңде күшейтсек, тұрғындар вакцинадан бас тартуы мүмкін еді. Бастапқы кезеңде күш салынбауы керек, нақты түсінік, мысалдар, жүйенің дайындығы, вакцинация пункттері, медицина пункттері болуы керек", - деді Цой ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер сұрағына.

Ол шалғай жерлерге жылжымалы рефрижератор жеткізу, сауда және ойын-сауық орталықтарында жабдықталған нүктелер ашу маңызды болғанын айтты.

"Бұл үлкен логистика. Қазір тұрғындар вакцина салдыруға тырысып жатыр", - деді Цой.

31 наурызда Мәжіліс депутаттары бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пандемиямен күресті сәтсіз бастаса, Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшысы Алексей Цой халыққа вакцина салуды сәтсіз өткізіп жатыр деген пікір білдірген болатын.

Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен үкіметті сынға алған еді. Сол кезде вакцинацияның екі айынан кейін халықтың 0,1 пайызы вакцина салдырған болатын. Тоқаев үкімет пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға ел коронавирустағы қиын жағдайдан шыға алмаса, кадрлық ауыс-түйіс болатынын ескерткен еді.

Ал 5 мамырда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстандағы вакцинацияның қарқынын сынға алып, "өзіне 15 миллион теңге үстемақы жазған шенеуніктер» туралы айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети