21 шілде 2021 11:38

Қазақстандық әйелдер жүктілікке және бала күтіміне байланысты 130 миллиардтан аса қаражат алған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Биыл 6 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдау үшін 130,4 миллиард теңге сомасында әлеуметтік төлем берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Биыл 6 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдау үшін 130,4 миллиард теңге сомасында әлеуметтік төлем берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың І жартыжылдығында осы біржолғы төлемді 114 633 болашақ ана жалпы сомасы 57,3 миллиард теңге алды. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген табыстарға және еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Сондай-ақ, І жартыжылдықта МӘСҚ-тан 459 217 алушыға жалпы сомасы 73,1 миллиард теңгеге 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

"Бұл төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішіндегі МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 40 пайызы. Заңнамада төлемнің ең төменгі мөлшері белгіленген - міндетті зейнетақы жарналарының осы сомасына қосымша аударумен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ұқсас ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы деңгейінде. Төлемнің ең жоғары мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспайды, яғни 2021 жылы - 119 мың теңге", - делінген хабарламада.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлемдердің тағайындалған сомаларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.

Айта кетейік, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айырылу жағдайына МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде тағайындалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети