Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандық депутат телеарнадағы тікелей эфирде келеңсіз жағдайға тап болды 29 қараша 2022, 10:28

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров телеарнадағы тікелей эфирде келеңсіз жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров телеарнадағы тікелей эфирде келеңсіз жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 қарашада "Хабар 24" телеарнасындағы жаңалықтар кезінде Екібастұздан тікелей байланысқа шыққан депутат Ерлан Саиров жерге түкіреді. Сол сәттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында депутат Саиров болған оқиғаға өкінетінін және халықтан кешірім сұрауға дайын екенін айтты.

"Осының бәрі көшеде, кешкі уақытта, қатты аязда, елсіз жерде болды. Қажет болса көрермендерден, халықтан кешірім сұрай аламын.

Меніңше, осындай ауа райында мұндай келеңсіз жағдайдың болуы қалыпты. Бірақ, әрине, көшеде түкіруге болмайды. Қажет болса, айыппұл төлейміз", - деді Мәжілісмен.

Ерлан Саиров - қазақстандық саясаткер, VII сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Сондай-ақ, Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның және Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram