07 маусым 2024 | 15:16

Қазақстандықтар ер адамға найзағай түскен сәттің видеосын таратып жатыр: полиция пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қазақстандықтар WhatsApp-та оқыс оқиғаның видеосын таратып жатыр. Онда қолына қолшатыр ұстаған ер адамға жай түскені көрінеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар WhatsApp-та оқыс оқиғаның видеосын таратып жатыр. Онда қолына қолшатыр ұстаған ер адамға жай түскені көрінеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларды бұған дейін ресейлік Telegram-арналары жариялаған. Марқұм 63 жастағы ер адам. Найзағай соққаннан кейін ер адам қимылсыз жолға құлап түседі. Сондай-ақ, БАҚ марқұмның ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқан болуы мүмкін деп болжаған.

Қайғылы оқиға Балашихада (Мәскеу облысы, Ресей) 31 мамырда болған. Кейбір қолданушылар оқиға Қазақстандағы Балқашта болға деп ойлауы мүмкін.

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі Балқашта мұндай оқиға тіркелмегенін растады.

"Тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз, көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қарастарды", - деп ескертті Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети