09 ақпан 2021 13:03

Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы инвестициялық табысы 1,3 триллион теңге болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтардың 2020 жылғы зейнетақы жинақтары бойынша инвестициялық табысын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтардың 2020 жылғы зейнетақы жинақтары бойынша инвестициялық табысын есептеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы болып саналады және оларды Инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялайды. Ал зейнетақы активтерін инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Үкімет бекітеді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес айқындайды.

Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Ұлттық банктегі инвестициялық шотына орналастырылған. БЖЗҚ салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебін жүргізеді.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшының enpf.kz БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетінде, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында 24/7 режимінде қолжетімді.

"2020 жылы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстылық инфляция 7,5 пайыз болған кезде 10,92 пайызды көрсетті. Нәтижесінде 2020 жылғы нақты кірістілік 3,42 пайыз, ал 2020 жыл ішінде алынған инвестициялық кіріс көлемі 1,3 триллион теңге болды", - делінген хабарламада. 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі басталғаннан бері салымшылар алған инвестициялық табыс 5,5 триллион теңгеден асқан және бұл зейнетақы активтерінің 43 пайыздан астамыны. Жинақталған инвестициялық табыстылық 1998 жылдан бастап (жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істей бастауы) 602,9 пайыз, ал жинақталған инфляция 496,65 пайыз  болды.

"Осылайша  2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен 23 жылдағы зейнетақы активтерінің нақты (яғни инфляциядан асатын) жинақталған табыстылығы оң сипатта  және 106,25 пайыз болды", - делінген хабарламада.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алынған инвестициялық табысты ескере отырып, күн сайын қайта есептеп, бағалайтыны хабарланды. Ақпарат бойынша, инвестициялық табыстың шамасы өзгеріп отырады және ол көптеген факторға, соның ішінде инвестициялардың ағымдағы нарықтық құнына және валюта бағамына байланысты болады.

"Нәтижесінде инвестициялық табыс ұлғаю жағына да, азаю жағына да өзгеруі мүмкін. Салымшылардың ЖЗШ-дағы инвестициялық табыстың ықтимал теріс ауытқуы қысқа мерзімді кезеңде байқалады және ол уақытша болып табылады. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыс, әдетте, оң болады. Сондықтан инвестиция нәтижелерін бір жылдан кем емес ұзақ кезеңнің нәтижелері бойынша бағалаған дұрыс", - деді қордың баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети