21 сәуір 2021 15:33

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынбайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz


Қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынбайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынатыны жайлы ақпарат таратып жатыр. Мұндай шаралар биыл жыл соңында қабылдана бастайды екен. Портал мәліметінше, бұл - фейк. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация және одан бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар - жалған ақпарат", - деді ведомство өкілдері.

Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің" 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы "емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға" құқылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети