24 ақпан 2022 15:09

Қазақстанға Беларусь делегациясы келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанға Беларусь премьер-министрі бастаған делегация келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанға Беларусь премьер-министрі бастаған делегация келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Делегацияны Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды, кейін олар толық құрамда санитарлық нормаларға сәйкес коронавирусқа ПТР тестілеуден өтті.

Беларусь министрлер кабинетінің басшысы 24 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

Сондай-ақ, шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.

Еске салайық, Қазақстан астанасына бірінші болып Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров келген болатын.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ОБСМ отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети