13 наурыз 2020 12:00

Қазақстанға коронавирус жұқтырған елдерден қанша адам келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанға коронавирус жұқтырған елдерден қанша адам келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанға коронавирус жұқтырған елдерден қанша адам келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгінде эпидемиологиялық қаупі жоғары елдердің тізімінде ҚХР, Иран және Оңтүстік Корея бар.

Қытайдан 1454 адам, 401 адам карантинге жатқызылды, олардың ішінде 90- Қазақстан азаматы, 311- шетелдік, 306 - қытайлық. 232 адам карантиннен шықты, 169 адам әлі күнге дейін карантинде жатыр.

Ираннан 69 адам келді, оның 68-і карантинге жатқызылды. 52-қазақстандық, 16-шетелдік, 16 - Иран азаматы. 35 адам карантиннен шықты.

Оңтүстік Кореядан 819 адам келді. Олардың 764-і карантинге жатқызылды. 706 - қазақстандық, 58 - шетелдік, 13- Оңтүстік Корея азаматтары. 65 адам карантиннен шығарылды, 699 адам әлі күнге дейін карантинде.

Коронавирус жұқтырған алғашқы адам қарашада тіркелген - БАҚ

Италиядан 37 адам келді, олардың барлығы карантинге жатқызылды. 33 - қазақстандық, 4 - шетелдік, бірақ арасында италиялықтар жоқ.

Франциядан келген 17 адам үйлеріне жіберілді. 12 - қазақстандық, 5 - шетелдік.

Германиядан келген 217 адам үйлеріне жіберілді. 108 - қазақстандық, 109 - шетелдік.

Испаниядан келген 31 адам үйлеріне жіберілді. 19 - қазақстандық, 15 - шетелдік. ЖРВИ және тұмау белгілерімен 23 адам ауруханаға жатқызылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети