18 маусым 2019 12:27

Қостанайдағы жарылыстың себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Қостанайда техникалық байқау станциясында болған жарылыс автокөлікке орналтылған газ құрылғысында саңылау пайда болуысалдарынан шыққан. Ресми нұсқаны облыстық ТЖ департаментінің басшысы Талғат Кәкімов айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Қостанайда техникалық байқау станциясында болған жарылыс автокөлікке орналтылған газ құрылғысында саңылау пайда болуысалдарынан шыққан. Ресми нұсқаны облыстық ТЖ департаментінің басшысы Талғат Кәкімов айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Оның айтуынша, қазір оқиға орнында үйінділерді жинау жұмыстары аяқталды. 17 газ баллоны эвакуацияланды. Қазір полиция өкілдері төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. 


Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Еске салайық, Қостанайда Баймағамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды.

Оқиға 17 маусымда 12:00 шамасында Қостанай қаласындағы Лермонтов көшесінің бойында орналасқан екіқабатты техникалық байқау станциясында табиғи газ құрылғысы жарылды. Кейбір мәліметтер бойынша, ТБС ғимаратына газ қондырғысы орнатылып жатқан. Ғимарат толығымен бұзылған, қирандылар жатқан жерде өрт шыққан. 


Сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

"Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті, алтауы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне оқиға орнында көмек көрсетілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ бен электр сымдары ағытылды. Өрт сөндірушілер өртті 12:47-де толығымен сөндірді. 

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 

Куәгерлер бірнеше адамды жертөледен алып шыққанын айтты. Оқиға болған дер қоршауға алынды, өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети