Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қытай әскери көмек көрсетуге дайын болды - СІМ 19 қаңтар 2022, 14:50

Премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ҚХР-дан неге әскери көмек сұрамағанын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Премьер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ҚХР-дан неге әскери көмек сұрамағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Жаппай тәртіпсіздік болған алғашқы күннен бастап Қытай үкіметі байланыста болды, мен сыртқы істер министрі Ван Имен хабар алмасып тұрдым. Олар қажетті көмек көрсетуге дайын болды. Бірақ бізде ҰҚШҰ-ға мүше елдерден басқалардан әскери көмек сұрауға заң тұрғысынан рұқсат жоқ", - деп келтіреді министрдің сөзін Euractiv порталы.

Тілеуберді "төңкеріс жасау үшін Нұр-Сұлтанға шабуыл жасау жеткілікті болар еді" деп атап өтті.

"Маңызды мекемелердің көпшілігін, мысалы, Ұлттық банкті ҰҚШҰ күштерінің арқасында сақтап қалдық", - деді Тілеуберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram