ІІМ басшысы Ақтөбедегі әскери бөлімге жасалған қарулы шабуыл жөнінде толығырақ айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

ІІМ башысы Ақтөбедегі әскери бөлімге жасалған қарулы шабуыл жөнінде толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ башысы Ақтөбедегі әскери бөлімге жасалған қарулы шабуыл жөнінде толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада өткен үкімет мүшелерінің отырысы барысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов премьер-минситрге Ақтөбедегі Ұлттық ұланның әскери бөліміне жасалған шабуыл жөнінде баяндады.

"Екінші топ, яғни 17 адам қару-жарақ дүкенінен алған қаруларымен автобусты басып алғаннан кейін әскери бөлімге шабуыл жасады. Онда көпшілік әскери адамдардың жарақаттануы мен үш әскеридің қаза табуы түсінікті. Ішкі жасақ тек сүңгі-пышақпен қаруланған. Олардың барлығы қарусыз болды. Қылмыскерлер оқ жаудырған кезде алғашқы болып бақылау-өткізу бекетіне жақын тұрғандар жәбірленді. Қылмыскерлердің мақсаты қару сақталған бөлмеге өтіп, ондағы қару-жарақтарды иемдену болды. Онда қаруланған әскерилер қылмыскерлерге тойтарыс берді. Полицейлер келген кезде олар көлікжай арқылы қашып кетпекші болды. Бір топ қоршауға алынды, ал екінші топ қашып үлгерді. Қалған қылмыскерлер - біреуі өлтірілді, жараланған тағы біреуі сол жерде ұсталды", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Министр шабуылға қатысы барлардың барлығының аты-жөні анықталғанын мәлімдеді.

"Түнде жұмыс істедік. Volkswagen көлігін айдап кеткен екеуін таңертең таптық. Олар қарсылық таныту кезінде өлтірілді. Бізге тұрғындар да көмектесті. Олар қаруланған бір топ адамның салынып бітпеген үйлердің арасында екенін айтты. Ол жерлерден тағы жеті адамды таптық. Оларды тірідей ұстауға тырысқанымызбен, қарсылық танытқандықтан бес адамның көзі жойылды, екі адам жарақат алды - оларды ұстадық", - деді ІІМ басшысы.

Ішкі істер министрінің айтуынша, арнайы операция кезінде 12 қылмыскердің көзі жойылды, 6 адам жарақат алды. Тағы 7 адамға іздеу жарияланған.

ІІМ басшысы қылмыскерлердің қару-жарақ дүкендеріне не мақсатпен шабуыл жасағандарын айтты. 

"Олар қаруларды иемденіп алғысы келді. Ары қарай одан да ірі қаруларды алу мақсатында Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды", - деді министр. Ол шабуыл жасағандардың дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар екенін айта кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro