01 ақпан 2022 11:42

Мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов туралы не белгілі?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы 14 тамызда Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі қызы бар.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалында инженер-механик мамандығын алып, кейін КСРО Сыртқы сауда академиясы мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепте оқуын жалғастырды.

Еңбек жолын 1986 жылы "Жезқазғантүстімет" байыту фабрикасында слесарь болып бастаған. Қошановтың саяси карьерасы 1999 жылы Үкіметтің Парламенттегі өкілі қызметінен басталды.

2001 жылы Қошанов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, ал 2003 жылы көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. 2006 жылы көлік және коммуникациялар министрлігінің (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Азаматтық авиация комитетін басқарды. 2007 жылы премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымына қайта тағайындалды, 2012 жылы оны басқарды.

2017 жылғы наурызда Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. 2018 жылы Қошанов миллион теңге табатынын айтты.

"Менің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілім ескеріледі, оған 20 жыл болды. Еңбек өтілін ескере отырып, бір айдағы жалақы 967 672 теңге болады, барлық міндетті салық пен аударымдарды шегергеннен кейін 786 642 теңге аламын. Жас мамандар аз алады және бұл - қалыптасқан тәжірибе. Алға қарай өсуге ынталандырады", - деп түсіндірді Қошанов.

Ол сыйақы мен үстеме жалақы алмайтынын айтты.

"Менің жұмысыма байланысты отбасымның бюджетімен айналысуға уақытым жоқ. Сондықтан басқа отбасылардікіндей, бізде де ерекшелік жоқ, менің жұбайым отбасылық қаржыны басқарады. Менің жалақым жеткілікті ме? Үйде әрқашан қажеттің бәрі бар, менің ойымша, бұл жеткілікті. Басқа адамдар сияқты, ақша негізінен азық-түлікке, коммуналды қызметтерге ақы төлеуге, үйге қажет тауарларды, киім-кешектерді сатып алуға, қажет болса, емделуге кетеді. Балаларға қаржылай көмек көрсетемін", - деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, шенеунік "артық ақша қоры" бар екенін және оны жинауға тырысатынын айтты.

2018 жылдың сәуірінде Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров тасжол лас болуына және нашар болуына байланысты Қошановтың сынына ұшырады. Қошанов облыс орталығын жүріп өтіп, қала қоқысқа айналғанын айтты.

Қошанов халықпен үнемі кездесулер өткізіп, жергілікті тұрғындардың сұрақтары мен шағымдарына жауап берді.

Ол өзінің Twitter парақшасын 2019 жылдың наурызында ашып, Қарағанды облысының тұрғындарынан өзімен әлеуметтік желіде белсенді жұмыс істеуді сұрады. Әкім әрбір мәселені жеке өзі қарастыруға уәде берді.

Алайда Twitter-дегі кейінгі хабарлама 2019 жылдың қыркүйегінде жазылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети