Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды Фото: e-qazyna.kz

Кәрім Мәсімовтің қылышы аукционда сатылды. Ол 1,5 миллион теңгеге өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Кәрім Мәсімовтің қылышы аукционда сатылды. Ол 1,5 миллион теңгеге өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лот

Бұған дейін тергеу аясында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқаруға берілген самурай қылышы 29 сәуірде электрон саудада сатылды.

"Қынабына салынған самурай қылышы: жүзі болаттан жасалған, жүзінің бойында өзіне тән терең емес ойық бар; қынабы қара түсті материалдан жасалған; сабы сұр түсті металдан жасалып, рельефті геометриялық өрнекпен безендірілген", - делінген лот сипаттамасында.

Фото: sauda.e-qazyna.kz

Бағалаушылар мәліметінше, қылыштың күйі жақсы, жүзінде 47911 сандары қашалған. Айта кетейік, қаруға бағалау 2024 жылдың желтоқсанында жасалған болатын.

Қаншаға сатылды?

Сондай-ақ құжатта қылыштың нарықтық құны 542 719 теңге екені атап өтілген.

Алайда лоттың бастапқы бағасы - 379 904 теңге болды. Нәтижесінде ол 1 586 954 теңгеге сатылды.

Сауда басталмас бұрын сатып алушылар тауарды көрген. Сауда-саттық бағаны көтеру аукционы форматында өтті: қатысушылар белгіленген қадаммен бағаны кезекпен көтеріп отырды, ең жоғары соманы ұсынған қатысушы жеңімпаз атанды.

Скриншот: sauda.e-qazyna.kz

Баға ҚҚС-сыз көрсетілген. Келісімшартты рәсімдеу кезінде қорытынды құнға 16 пайыз көлемінде ҚҚС қосылады.

2025 жылдың қарашасында қылыш 542 719 теңгеге сатылған еді, бірақ жеңімпаз ақшаны төлемегендіктен, мәміленің күші жойылған.

2026 жылғы ақпанда самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатып алынғаны нақтыланды, бұл бастапқы 461 312 теңге бағасынан 7 еседен аса жоғары. Бірақ, шамасы, бұл мәміле де жүзеге аспаған сияқты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер