07 маусым 2024 | 14:07

Құрбан айт 16-сында басталады: дүйсенбі - жұмыс күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Дүйсенбі, 17 маусым жұмыс күні болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дүйсенбі, 17 маусым жұмыс күні болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 17 маусымда қазақстандықтар қосымша бір күн демалатыны хабарланған болатын. Өйткені Құрбан айттың бірінші күні осы күнге сәйкес келеді. Алайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мерекенің бір күн бұрын – 16 маусымда басталатынын хабарлады.

"2024 жылға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жасалғанда, ҚМДБ ресми түрде Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Бұл күн жұмыс күні болғандықтан, демалыс болады деп жоспарланған. Қазір ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға сай келеді деп жариялады. Демалыс күндеріне сай келетін діни мерекелер жылжытылмайды. Сондықтан демалыс күні ауыспайды, өйткені бұл - демалыс күні", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети