ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қараша 2018 | 14:41
"Мен отырсам, барлығы да отырады" - Әбдірахымов велосипед жайлы
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов толықтай велосипедке көшуді жоспарлап отыр, сондай-ақ ол осы бастамасын барлық әкімдік аппаратын қолдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов толықтай велосипедке көшуді жоспарлап отыр, сондай-ақ ол осы бастамасын барлық әкімдік аппаратын қолдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қыс өткен соң толықтай велосипедке отыратын шығармын. Біз Шымкентті велосипед қаласына айналдырғымыз келеді, барлық студент, барлық жастар велосипедпен жүрсе дейміз. Бізде климат жылы, қыс екі ай (қаңтар, ақпан) ғана болады. Оның өзінде 0-5 градус жылы. Менің ойымша, велосипед болашақта Шымкенттің басты көлігі болады", - деді Әбдірахымов.
Оның айтуынша, оның қоластындағылар қала басшысының бастамасын қолдайды.
"Мен отырсам, басқалары да отыратынын түсінесіздер ғой. Ешкімді мәжбүрлемейміз, мен тек оларды осы бастаманы қолдауға шақырдым. Шынымен де барлығы келісіп жатыр. Себебі велосипедпен жүру - рақат, денсаулыққа пайдалы, бензинге қаражат жұмсап керек емес, көлікті тұраққа қою керек емес", - деді ол.
Әбдірахымовтың айтуынша, 2019 жылы Шымкент велосипед инфрақұрылымын жасауға бағытталады.
"Көбісі велосипедті былай ойлайды - отырдың да кеттің. Шындап келгенде, оған инфрақұрылым керек, біреу қағып кетпеуі керек. Саған оңға, солға еркін бұрылуға мүмкіндік жасалуы қажет, өзіңнің бағытың болады", - деді ол.
2016 жылы Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінде болып, велобекеттерден бір жылдық қолдану абонементін сатып алған еді. Сол кезде ол күн сайын жұмысқа велосипедпен барып қайтатыны жайлы айтқан болатын. Әкім басқаларды да өзінен үлгі алуға шақырған еді.
Показать комментарии
Читайте также