Меніңше, шешім қабылданады - Божко Астана атауын өзгерту жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко. © Тұрар Қазанғапов Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко. © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко елорданың атауын өзгертуге ешқандай кедергі жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко елорданың атауын өзгертуге ешқандай кедергі жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.

"Жаңа Президент ұсынды, бұл заң аясында қабылдануы тиіс. Парламент бұл ұсынысты бірауыздан қолдайды деп ойлаймын. Бізге не кедергі. Елбасы өзі Президент болып тұрған кезінде олай істеуге рұқсат бермеді. Ал жаңа Президент Тоқаев осындай шешім шығаруға ұсыныс айтуға толық құқығы бар. Меніңше, бұл шешім қабылданады", - деді Владимир Божко Мәжіліс кулуарында. 

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырды.

Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer