Министр Қазақстан жұртшылығын Еңбек күнімен құттықтады

28 Қыркүйек, 17:43
0
Министр Қазақстан жұртшылығын Еңбек күнімен құттықтады -

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек күні қарсаңында Қазақстанның барлық азаматтарына бақ-береке, жұмысқа деген құштарлық, әріптестерін құрметтеу және нәтижелі еңбек етуді тіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Барлық қазақстандықтарды қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын "Еңбек күні" мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке халқымыздың әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған. Ол қазақстандықтардың Отанымыздың әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметінің көрінісі болып табылады.Бүгін нағыз еңбектің бағасын біліп, жұмыстағы жетістіктерін мақтан тұтатындардың мерекесі.

Біздің мемлекетіміздің алтын қоры - еңбек ардагерлеріне, өзінің адал және шексіз еңбегімен еліміздің экономикасының қалыптасуы мен дамуының негізін қалап, егемен Қазақстанның гүлденуі үшін айтарлықтай әлеует қалыптастырған отандастарымызға зор ризашылығымды білдіргім келеді.Сіздер өз саласының мамандарын даярлау бойынша тәлімгерлік дәстүрлеріңізді нығайтып, жанкешті еңбек идеологиясын өз өміріңіздің негізгі принципі ретінде алға жетелейсіз! Өз ісіне құрмет, борыш пен адалдық - сіздер үшін күнделікті өмірдің нормасы мен қажеттілігіне айналды.

Еңбек династиялары мен еңбек ардагерлерінің қатары жылдан жылға толыға берсін!Сіздер бүгін де жастарға өздеріңіздің бай кәсіби және адамгершілік тәжірибелеріңізді беруді жалғастырудасыздар және жастардың еңбекке, жұмыс мамандықтарына деген сүйіспеншілігін сіңіре отырып, жүректерінде Отанға деген жоғары патриоттық сезімін ұялатасыздар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын одан әрі көтеру үшін бірқатар тиімді әлеуметтік-экономикалық реформалар қарастырылған.

Біздің мақсатымыз - лайықты жұмыс принциптері мен стандарттарына негізделген еңбек қатынастарын және оларды құқықтық реттеуді жақсарту!

Біз Қазақстан экономикасы үшін жаңа міндеттерге жауап беретін еңбек ресурстарының сапасына қойылатын талаптарды арттыруды жалғастыруымыз керек. Барлығымыз өз жұмысымызды сүйіспеншілікпен атқарып, әріптестеріміздің құрметіне бөленіп, қызметімізде керемет жетістіктерге жете берейік.Мен еліміздің барлық азаматтарына тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен игілігі үшін табысты еңбек етуін тілеймін", - деді Біржан Нұрымбетов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай