Мұхамедиұлы мен оның министрлігі қаза тапқан қыздардың отбасына бір күндік жалақысын аударады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхамедиұлы мен оның министрлігі қаза тапқан қыздардың отбасына бір күндік жалақысын аударады

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Астанада өрттен балалары қаза тапқан отбасыға бір күндік жалақысын аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Астанада өрттен балалары қаза тапқан отбасыға бір күндік жалақысын аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада бес бірдей қыз баланың қазасына қатты қапаланып отырмын. Балаларынан айырылып, қанаттары қайырылған отбасына қолдау көрсету керек деп санаймын. Министрлігіміздің ұжымы ақылдаса келе бір күндік жалақымызды аударамыз деп шештік. Әке-шеше, туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын, берік болыңыздар", - деп жазды мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың өмірін жалмаған өрттің мән-жайы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети