Мысырда қаза тапқан дипломат Түркістанда жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда қаза тапқан дипломат Түркістанда жерленді

Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. Өсербаеваның айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәйітті жеткізу шығындарын көтерген. 

"Еламанның жары мен оның балалары әзірге Мысырда екен. Ол жүкті, онда қанша болатынын білмейміз", - дейді әйел. 

Нәзипа Өсербаева туысының неден қайтыс болғанына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. 

Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін қаза тапқан дипломаттың жары Айнұр Молдабаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Әйел жұбайының қайтыс болуына мұқият және ашық тергеу жүргізуді сұраған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети