05 шілде 2020 14:00

National Geographic фотографтары Елорда күніне сыйлық жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: George Steinmetz, Александр Куприенко Сурет: George Steinmetz, Александр Куприенко

National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының суреттерімен арнайы фотокөрме ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының суреттерімен арнайы фотокөрме ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, жақында көрме онлайн режимде қолжетімді болады - сіз әлемнің кез келген нүктесінен Қазақстан астанасының суреттерін көре аласыз.

Кадрларда елорданың шынайы өмірі бейнеленген: аязды қыс суреттері ыстық жаз күндерін алмастырып, қаланың көрікті жерлері, күнделікті өмірі, маңызды ойындар кезіндегі жанкүйерлер және басқасы.

Интернеттегі фотокөрме National Geographic фотографтарының объективі арқылы астананы бүкіл әлемге көрсетеді. Атап айтқанда, әлемге әйгілі National Geographic фотографы Джордж Штайнматцтың фотосуреттері ұсынылған (George Steinmetz). Галереяда қазақстандық авторлардың фотосуреттері де бар.

Суреттер: George Steinmetz, Александр Куприенко

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети