Назарбаев Исекешеке мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіруді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасыға биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп беріліп, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жақсартуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды", - деді Мемлекет басшысы.

Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.

Сонымен бірге Астана қаласының әкімі "Талдыкөл" ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro