30 маусым 2022 13:26

Ноғаев Каспийде жануарлар мен құстардың жаппай қырылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Каспийдегі жануарлар мен құстардың жаппай қырылу жағдайларын тексеру және алдын алу үшін не істеуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Каспийдегі жануарлар мен құстардың жаппай қырылу жағдайларын тексеру және алдын алу үшін не істеуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Каспийде жануарлар мен құстар өліп жатыр. Көршілес Атырау облысындағы итбалықтар, суқұзғын, шағаладан құс тұмауы анықталды. Кеше Президент бұл мәселені көтерді. Экология министрлігінің әрекет ету жылдамдығына қарағанда, олар басқа іспен қолы босамай жүр деуге болады. Сізді Каспийдің айналасында тұратын жануарлар мен құстардың жаппай қырылуы алаңдатады ма? Мұның себебі неде және сіз аймақтағы экологиялық мәселелерді шешуге көмектесу үшін бастама көтеруге дайынсыз ба", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Ноғаев бұл мәселе әрбір қазақстандықты алаңдататынын айтты.

"Түрлі деңгейдегі әкімдіктер мен Экология министрлігі бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Біз көмек көрсетіп жатырмыз, тұрғындар да бұл мәселеге алаңдаулы. Біз осы құбылыстардың алдын алуға және салдарын жоюға қаражат бөліп, әкімшілік және қаржылық көмек көрсетеміз.

Бірақ бұл Экология министрлігінің тікелей міндеті. Бұл міндет оларға жүктелген. Әрбір жағдай бойынша халықтың алаңдаушылығы сезіледі және біз осы құбылыстардың алдын алудың көпірі және іске асырушысы саналамыз...

Әрине, тазалықта ұстау және белгілі бір іс-шараларды қабылдау жүргізіледі, бірақ елде экология мәселелері жөніндегі құзыретті орган - Экология министрлігі. Олардың ресурстары да, ғылыми әлеуеті де үлкен", - деді әкім.

Еске салайық, 17 маусымда Қашаған кен орнының маңында, "Ақжайық" табиғи резерватында Қызыл кітапқа енген мыңға жуық өлі шағала табылған еді. Бұған дейін суқұзғындар мен жүздеген итбалықтың қырылғаны белгілі болды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий мен жағалау аумағына ауқымды зерттеу жүргізуге және мұнай өндіруші компаниялардың экологияға әсерін тексеруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети