21 мамыр 2021 10:35

Оралда бұршақ жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында бұршақ жауды. Куәгерлердің айтуынша, бұршақ отырғызылған көшетті бүлдіріп, адамдар зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында бұршақ жауды. Куәгерлердің айтуынша, бұршақ отырғызылған көшетті бүлдіріп, адамдар зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметі бір күн бұрын қолайсыз ауа райы болуы мүмкін екенін ескерткен. Хабарламада найзағай соғып, жел екпіні күшейеді деп болжанғаны айтылған. Бұршақ жауғаны туралы жазбалар әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Круглоозерное ауылында кешкі сағат сегіздер шамасында көп мөлшерде бұршақ жауды. Оралда болған жоқ. Бұршақ күтпеген уақытта басталып, жергілікті тұрғындарды шошытты. Адамдар жарақат алып жатыр", - деп жазады пост авторы.

"Зачаганск ауылында бұршақ жауды. Екінші жыл қатарынан бұршақ жылыжайды бүлдіріп жатыр", - деді облыс орталығы тұрғындарының бірі.

Круглоозерное кентінің әкімі тұрғындардан шағымдар түспегенін айтты.

"Бұршақ шынымен жауды. Ол шамамен жеті минутқа созылды. Тұрғындардан залал туралы шағымдар әлі түскен жоқ", - деді Аманбай Нығметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети