25 қараша 2022 10:10

Оралда "JAŃA TOLQYN - 2022" фестивалі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаламыздағы Жастар мәдениет үйінде "JAŃA TOLQYN - 2022" атауымен дәстүрлі облыстық фестиваль өтті. Өнер байқауына Орал қаласындағы төрт жоғары оқу орнының І курс студенттері қатысты.


Қаламыздағы Жастар мәдениет үйінде "JAŃA TOLQYN - 2022" атауымен дәстүрлі облыстық фестиваль өтті. Өнер байқауына Орал қаласындағы төрт жоғары оқу орнының І курс студенттері қатысты.

Фестивальді тамашалауға келгендердің көбі - студент-жастар. Әр университет студенттері бір-бірінен қалыспай сахнаға шыққан жас өнерпаздарға қошеметін аямады. Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырған сайыста Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері сынға түсті.

Аталған ресурстық орталықтың басшысы Аслан Тапишевтің айтуынша, жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен өтетін жобаны биыл орталық өз күшімен өткізуде.

- Студенттердің басын қосып, олардың арасындағы достық байланысты нығайту және жас дарындардың шығармашылық қабілетін шыңдау - осы жобаның басты мақсаты. Өздеріңізге белгілі, бұл іс-шара әр жылда мейлінше ерекше өтеді. Студенттік өмірге енді қадам басқан жастарды қолдауымыз қажет. Олар қаламыздың мәдени тыныс-тіршілігіне етене араласып, өз үлестерін қосқандары да жөн. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген өнегелі сөз бар. Сан қырлы таланттардың басын біріктіріп, жаңа идеялар мен оң бастамаларды жүзеге асыруымыз керек, - деді Аслан Нұрланұлы.

Қатысушылар кештің талаптарына сәйкес 45 минуттан аспайтын толық концерттік бағдарлама дайындап әкелген. Сахнаға шыққан өнерпаздар бірі эстрадалық және дәстүрлі әндерді орындаса, енді бірі музыкалық аспапта ойнап, түрлі бағыттағы билерді биледі. Сонымен қатар олар қазіргі таңда көркемсөздің де кенже қалмағанын көрсетіп, қазақ әдебиетіндегі сан алуан шығармаларды тебірене оқыды. Әр университеттен шыққан жайдарманшылар көпшілікті қалжыңдарымен қағытып, күлкіге қарық қылды. Осы орайда өз бейнероликтеріндегі ұтымды әзілдерімен жиналғандардың езуін жиғызбай, көңіл күйін көтерген Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттерінің тынбай дайындалғаны бірден байқалды.

Фестиваль барысында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті тәрбие бөлімінің жетекшісі Жанбота Ешимоваға байқау жайлы сұрақтарымызды қойған едік.

- Алдымен, қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін! Бұл сайыс жылдағыдай тоғыз аталым бойынша өтуде. Оның ішінде "Үздік жүргізуші", "Аспапта ойнау шеберлігі", "Эстрадалық ән", "Үздік дәстүрлі ән", "Хореография", "Үздік көркемсөз шебері", "Үздік фан-клуб", "Үздік бейнеролик" және "JAŃA TOLQYN KUBOGI - 2022" жайдарман ойыны" бар. Бұл ретте біздің университеттің студенттері де қалыс қалмай, шығармашылық күш-жігерін көрсетуде, - деді Жанбота Есенғалиқызы.

Облыстық деңгейде өткен дүбірлі додада жастардың өнерге деген құштарлығымен қатар, өздерінің қабілет-қарымын шыңдағысы келетіндері аңғарылып тұрды.

Сонымен, "JAŃA TOLQYN - 2022" шығармашылық фестивалінің қорытындысы бойынша барлық аталымда басым түскен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің жастары жеңіс тұғырынан көрініп, І орынды иеленді. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұландары ІІ орынды еншілесе, ІІІ орын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттеріне бұйырды. Ал Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің өнерпаздары алғысхатпен марапатталды. Сондай-ақ жүлдегерлерге қаржылық сертификаттар табысталды.

Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети