29 мамыр 2022 16:03

Павлодар облысында жеті жасар бала қатерлі ісіктен айықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Pixabay Сурет: Pixabay

Павлодар облысында жеті жасар жеткіншек ішектің қатерлі ісігін жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Павлодар облысында жеті жасар жеткіншек ішектің қатерлі ісігін жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ішектің қатерлі ісігі ерте анықталып, ем-шара дер кезінде басталған. Павлодарлық дәрігерлер операция кезінде алматылық онкологтармен кеңесіп отырғаны хабарланды.

Осылайша, операция екі сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Науқас химиятерапияның бес курсынан өтті. Телеарна мәліметінше, кезекті медициналық тексеріс кезінде ісік белгілері байқалмаған, жағдайы тұрақты. Әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. Бала биыл мектеп табалдырығын аттауға дайындалып жатыр.

Айта кетейік, облыс бойынша диспансерлік есепте 100-ге жуық жасөспірім тұр.

"Операциядан соң ішектің қатерлі ісігі анықталды. Онкологтармен шұғыл кеңес өткізіп, емдеу тактикасын белгіледік. Операциядан соң ұзақмерзімді ем-дом шаралары жүргізілді. Баланың жағдайы тұрақталды. Ремиссия барысында әріптестеріміздің жіті бақылауында болады", - деді балалар хирургі Ерлан Рамазанов.

"Хирургиялық кезең аяқталған соң науқас республикалық Ана мен бала орталығына жіберілді. Онда химиятерапия курсынан өтті. Пациент ем-дом шараларының барығын міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін алды. Медициналық тексеру мен сараптамалардың барлығы тегін", - деді облыстың штаттан тыс балалар онкогематологы Ольга Ким.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети