Премьер-министр кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі тағайындалды © Primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің өкімімен Мәрлен Болатбекұлы Ибраев Премьер-министр кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР Премьер-министрінің өкімімен Мәрлен Болатбекұлы Ибраев Премьер-министр кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәрлен Ибраев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, 2002 жылы - "Әділет" жоғары құқық мектебінің құқықтану академиясын "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Лейпциг университетінде еуропалық интеграция құқығы саласында магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған.

2002-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі құрылымында, 2006-2007 жылдары - "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да еңбек еткен. 2007-2010 жылдары банк секторында қызмет атқарған. 2010-2016 жылдары ҚР СІМ Халықаралық-құқық департаментінің үшінші хатшысы лауазымын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Швейцар Конфедерациясындағы Елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.

ҚР Премьер-министрі кеңсесінің құрылымында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. 2016-2017 жылдары - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі. 2017 жылдың мамыр айынан бастап - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісінің орынбасары.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.09   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +32
Ақтау +23
Ақтөбе +18
Атырау +26
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +32
П
Павлодар +27
Петропавл +32
С
Семей +31
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +22
О
Орал +28
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер