04 қараша 2021 13:19

Президент Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің таяздануын апат деп атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырдария. Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Сырдария. Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық өзендердің тайыздануына байланысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық өзендердің тайыздануына байланысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Трансшекаралық өзендер, әсіресе Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің тайыздануы мен экологиялық жағдайының нашарлағаны байқалады. Бұл көбінесе көршілес елдерден келетін су көлемінің азаюына байланысты, себебі ол жерлерде су тұтыну арттты", - деді ол. Тоқаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

Мемлекет басшысы айтқандай, суды тұтынуға деген көзқарастарды, оның ішінде жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы түбегейлі өзгерту қажет, бұл бірінші кезекте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қатысты.

"Су объектілерінің экожүйесін сақтау және ресурстарды ұқыпты пайдалану үшін маған 120 каналды қайта жаңғыртуды бастау және 9 жаңа суқоймасын салу тапсырылды. Бұл маңызды бастама белгілі бір дәрежеде басқа елдерден келетін суға тәуелділікті азайтады", - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети