23 тамыз 2016 12:21

Прокурор Сейітқазы Матаевқа тағылып отырған айыптарды жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейітқазы Матаев © Tengrinews.kz Сейітқазы Матаев © Tengrinews.kz

Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, оның ұлы Әсет Матаев та осы іс бойынша сотталушы. Бүгін прокурор сотталушыларға тағылған айыпты атады.

"Сейітқазы Матаев Бейсенғазиұлы біреудің мүлігін оның сеніміне кіру арқылы алдап, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, үлкен сомадағы қаражатты жымқырып, алаяқтық жасады. Яғни, ол ҚР Қылмыстық Кодексінің ( 177-бабының 4-бөлігі (1997 жылдың 16 шілдесінен) бойынша айыпты деп танылды. Сонымен қатар, Сейітқазы Матаев ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық"), 245-бабының 3-бөлігі ("Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару") бойынша айыпты деп танылады", - деді прокурор.

Сондай-ақ, Сейітқазы Матаевқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Ал оның ұлы Әсет Матаев ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша айыпталды.

Айта кетейік, Сейітказы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаев прокурор мәлімдеген айыптардың негізсіз болғанынан онымен келіспейтінін айтты.

"Себебі қылмыстық іс 164 беттен тұрады. Ал прокурор оның тек 46 бетін айтып шықты. Оның "Қазақтелеком" АҚ 2011 жылы ақшаны жымқырды делінген деректің мән-жайын неліктен айтқаны түсініксіз. Бірақ прокурор 2012 жылы, 2013 жылы не болғанын атап айтпады. Сосын байланыс комитеті бойынша: сіз 2010 жылы қандай жағдай болғанын айттыңыз да, ал 2012, 013, 2014, 2015 жылдары да сол жолмен ақша жымқырған деп отырсыз. Неге толық айтпайсыз? Мұнда адамдар отыр ғой. Журналистер де отыр. Біз сегіз ай бойы тергеудің астында қалдық, алты ай қамаудамыз. Мүлде түсініксіз жағдай", - деді Сейітқазы Матаев.

Осыған дейін Матаевтың мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Айта кетейік, 26 шілдеде Сейітқазы Матаевты қолдау комитеті брифинг ұйымдастырған болатын. Комитет өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы үй қамауында отыру мерзімі аяқталғанына байланысты заңсыз отырғанын хабарлаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети