Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың адамнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың адамнан асты © Марат Әбілов

Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың 700 адамнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 миллион 292 мың 700 адамның ішінде қалалықтар - 10 544,3 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар - 7 748,4 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

Сонымен қатар, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 228 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,3 пайызға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,48 туылғандарды құрады.

"2018 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,4 мың адамға немесе 3,1 пайызға көбейіп, 150 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,13 адамды құрады", - деді мамандар.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +20
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +22
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +22
П
Павлодар +18
Петропавл +21
С
Семей +21
Т
Талдықорған +25
Тараз +28
Түркістан +18
О
Орал +14
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер