06 мамыр 2022 16:30

Референдум - "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" идеясын іске асыру жолы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Осыдан бір апта бұрын Мемлекет басшысы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткен. Tengrinews.kz тілшісі "Еуразиялық мониторинг" талдама зерттеу орталығының директоры Әлібек Тәжібаевпен сөйлесіп, референдум өткізу туралы пікірін сұрады.


Осыдан бір апта бұрын Мемлекет басшысы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткен. Tengrinews.kz тілшісі "Еуразиялық мониторинг" талдама зерттеу орталығының директоры Әлібек Тәжібаевпен сөйлесіп, референдум өткізу туралы пікірін сұрады.

Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

"Республикалық референдум туралы" конституциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзету енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын", - деген еді Тоқаев ҚХА отырысында сөйлеген сөзінде.

Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, еститін мемлекет тұжырымдамасын іске асыруда әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды.

"Шынында да, Қазақстанда 27 жыл бойы референдум болған жоқ. 1995 жылдан бастап барлық конституциялық түзету Парламент арқылы қабылданды. Қазақстандықтар үшін референдум туралы ұсыныс күтпеген жағдай болды, онымен келіспеуге болмайды. Бірақ бірнеше маңызды мәселені атап өту керек. Біріншіден, өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының үштен бір бөлігіне қатысты болады. Мұндай көлемді өзгеріс бүкілхалықтық референдум арқылы өткізілуі тиіс. Екіншіден, Президент өз сөзінде Жаңа Қазақстан, ең алдымен, жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсетеді. Демек, референдум - "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" идеясын іске асыру жолы", - деді ол.

Ол қысқа мерзімде референдум өткізу оңай іс емес екенін атап өтті.

"Кез келген референдум - азаматтардың белгілі бір мәселе немесе сұрақ бойынша ерік білдіруінің бір түрі. Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымда өткізіледі. Иә, осындай қысқа мерзімде күрделі іс-шараны ұйымдастыру оңай емес. Бірақ бүкіл әлемде мемлекеттік басқару жүйесі "барынша жоғары айналымда" жұмыс істейді, сондықтан бұл Қазақстанға да қатысты. Зая кетіретін уақыт жоқ, тез және тиімді шешім қабылдау керек. Бұл - қажеттілік. Референдум Мемлекет басшысы жариялаған мерзімде өтетініне сенімдімін. Ал біз, сарапшылар және медиа қауымдастық ұсынылып отырған реформалардың мәні мен алдағы референдумның маңызын түсіндіруге бар күшімізді саламыз", - деді ол.

Әлібек Тәжібаевтың пікірінше, референдум өткізілген соң өзгерістер 5 бағытта жүргізілуі мүмкін.

"Референдум өткізілгеннен кейін (түзетулер қабылданған жағдайда) іргелі өзгерістер 5 негізгі бағытта көрініс табады:

  • Біріншіден, саяси жүйені терең демократияландыру бағытында;
  • Екіншіден, супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу бағытында;
  • Үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің ролін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру;
  • Төртіншіден, сайлау жүйесін демократияландыру - аралас пропорционалды - мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру;
  • Бесіншіден, мәслихаттардың ролін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру", - деді "Еуразиялық мониторинг" талдама зерттеу орталығының директоры.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда референдум қалай өткізілетіні хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети