06 қыркүйек 2020 13:52

Ресейлік қызға әдепсіз сурет жіберген қазақстандық алты жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәмелетке толмаған ресейлік қызға әдепсіз сурет жіберген Павлодар облысының тұрғыны алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кәмелетке толмаған ресейлік қызға әдепсіз сурет жіберген Павлодар облысының тұрғыны алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың анасы, Ресей тұрғыны Наталья Сташованың айтуынша, 2016 жылы оның кәмелетке толмаған қызының телефонына әдепсіз суреттер келе бастаған. Әйел полицияға жүгінген, алайда қылмысты ашу оңайға соқпаған.

"Еліміздің тергеушілері бұл іс бойынша төрт жыл жұмыс істеді, бірақ оны сотқа жеткізе алмады, өйткені менің кішкентай қызымның құқығын бұзған адам Қазақстанда тұрады. Іс бойынша барлық материал Қазақстанға жіберілді, онда полиция қызметкерлері тиімді жұмыс нәтижесінде қылмысты аша алды. Кінәлі сотталды, оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді ресейлік әйел.

Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа және республиканың бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке видеоүндеу жасады, ол қылмысты ашқан Павлодар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Тергеуші Аманжол Мейірхан мен Павлодар облыстық полиция бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Марат Самаров өз жұмысын кәсіби түрде орындап, істі соңына дейін жеткізді. Сонымен қатар, мен Павлодар ауданының прокуроры Мұратбек Қасымовқа біздің ісімізді бақылауда ұстағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында барлық дәлелдер жиналып, қаскүнем ұсталып, жазаланды", - деді Сташова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети