24 қаңтар 2022 14:40

"Самұрық-Қазына" басшысы Сәтқалиев қорды сақтап қалуды қолдады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды сақтап қалуды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Самұрық-Қазына" басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды сақтап қалуды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиев негізгі мәселелердің бірі - Қорды Қазақстан экономикасының субъектісі ретінде сақтап қалудың орынды екенін айтты.

"Нұсқа ретінде ұлттық компанияларды бейінді министрліктерге беру ұсынылады. Әлемдік тәжірибе мұндай тетік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірнеше есе ұлғайтатынын, тиімділікті төмендететінін, инвестициялық ахуалды бағалауға теріс әсер ететінін көрсетіп отыр. Мемлекетте реттеуші, меншік иесі, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырушы функциялары арасында ішкі қайшылық бар. Тепе-теңдікті тек корпоративтік активтерді прогрессив басқару, мүдделі тараптар – Қазақстан азаматтарының бақылауы қамтамасыз ете алады", - деп жазды Алмасадам Сәтқалиев Facebook-парақшасында.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, қор шикізат кірісін болашақта тұрақты экономикалық өсуге нарықтық тәсілдерді пайдалануды және экономиканың нақты секторын әртараптандыру, инвестициялау арқылы ұлттық байлықты арттыруды қамтамасыз етеді.

Сәтқалиевтің пікірінше, Ұлттық банк пен Ұлттық қордан айырмашылығы, дағдарысқа қарсы басқару мен нарықтық араласу үшін өтімді қаражат беруге назар аудара отырып, бағалы қағаздарға басым инвестициялау арқылы валюта резервтері мен шикізат секторынан түсетін кірістерді консерватив түрде басқарады. 

"Бұл көтерілу/құлдырау циклдерінің тұрақсыздандыратын әсерін, валюта бағамдарының ауытқуын, тауар бағасының құбылмалылығын азайтуға және экономиканы шикізатсыз кезеңге дайындауға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады "Самұрық-Қазына" басшысы.

Оның айтуынша, Қор келесі функцияны сақтауы керек:

  • Стратегиялық активтерді басқару;
  • ҚР Үкіметінің экономиканы әртараптандыру, ШОБ және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі агенті;
  • Инфрақұрылымға және экономиканың шикізат емес секторларына инвестициялар, нақты жобалар және жұмыс орындарын құру;
  • Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" басшысы Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін жазба жариялаған болатын.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлермен кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау міндетін орындай алмаса, орнынан кететінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети