28 тамыз 2021 19:10

Селқостық деген нұсқаны да қарастырамыз - министр жарылыс туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыс себебінің бір нұсқасы ретінде адамдардың селқостығын жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыс себебінің бір нұсқасы ретінде адамдардың селқостығын жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл нұсқаны да қарастырып жатырмыз (адамдардың селқостығы - авт. еск.) Бұл өте күрделі механизм, мұнда көптеген адам жұмыс істейді: қойма бастығы бар, сақтау орнының бастығы, бөлімше командирінің сақтау жөніндегі орынбасары бар, бөлімше командирі бар және тағы сол секілділер бар. Мүмкін олардың бірі салқостық танытқан шығар. Бұл біздің бірінші ойымыз. Бірақ біз дәл қазіргі уақытта мұндай бұзушылықтарды көрмедік, тергеу оларды әлі анықтаған жоқ. Сондықтан біз қазір ешқандай себептер мен факторларды жоққа шығармаймыз", - деп жауап берді Ермекбаев. 

Ол жан-жақты тергеу жүріп жатқанын, үздік сарапшылар жұмылғанын айтты. "Жарылғыш заттардың үлгілері зертханаға тапсырылады. Сараптама жүргізіледі. Біз шындықтың түбіне жетеміз деп ойлаймын", - деді министр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети