21 қыркүйек 2020 17:37

Семей телестудиясының құрылғанына 55 жыл толуына орай "Алаштың айнасы" кітабы жарыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей телестудиясының құрылғанына 55 жыл толды. Мерейтойлық шаралардың аясында SEMEI телеарнасының директоры Хасен Советханұлы Молдабаевтың басшылығымен көпшілік оқырман мен болашағын тележурналистикамен байланыстырғысы келетін жастар үшін "Алаштың айнасы" кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семей телестудиясының құрылғанына 55 жыл толды. Мерейтойлық шаралардың аясында SEMEI телеарнасының директоры Хасен Советханұлы Молдабаевтың басшылығымен көпшілік оқырман мен болашағын тележурналистикамен байланыстырғысы келетін жастар үшін "Алаштың айнасы" кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ішіне телеарна ардагерлерінің естеліктері, құттықтаулар және Семей қаласындағы "Қазіргі Заман тарихын құжаттандыру Орталығынан" алынған құжаттар мен суреттер енгізілген.

Сонымен бірге, мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры,  журналист Бәтташ Сыдықов атындағы  медиа аудитория ашылды. Аудиторияға Бәтташ Сыдықұлы басқарған жылдардағы техника, оның өз қолымен жазылған сценарилері мен естелік суреттер қойылды. Аудиторияның ашылу салтанатына профессор Арап Еспенбетов, телевизия ардагерлері Зульфия Омарова, Мақсат Жарылғасин, Қарлығаш Шайкенова және Бәтташ ақсақалдың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақ телевизиясының қалыптасу кезеңінің куәгерлері, тележурналистиканың ардагерлері және Семей телевизиясының бүгінгі буын өкілдерінің қатысуымен арна ғимаратының қабырғасына "Семей телевизиясы негізін қалаушылардың құрметіне" жасалған мемориалдық тақта ілінді.

SEMEI телеарнасының мерейтойы ең алдымен көрермендерінің мерекесіне айналды. "Менің телеарнам" атты ақындар байқауында Ертіс өңірінің жас таланттары  арнаға өлең-жырларын арнаса, танымал ақын  Мұрат Тастағановпен сазгер Тынышкүл Ақай "Семей телеарнасы" әнұранын жазып шығарды. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының қолдауымен бейнебаян түсірілді.

Еске салайық, 1965 жылдың 1-қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші арна болатын. Семей телевизиясының қалыптасуына Қылшықбай Байғожин, Сержан Рамазанов, Бәтташ Сыдықов, Игорь Бурлак секілді тағы да басқа азаматтар көп еңбек сіңірді.

Күн сайын 14 сағат хабар тарататын SEMEI телеарнасының ұдайы жаңғыру үстінде. Телеарна 2019 жылы аймақтық мультиплекске енді,  өз тарихында алғаш рет сандық форматта эфирлік хабар таратуды бастады. FullHD форматында дайындалған телеарна өнімдері жергілікті Alma TV, Семсат ТВ кабельдік операторларының пакеттерінде, сондай-ақ Семей қаласының аумағында 50 шақырым радиуста сандық және аналогтық эфирлік жиілікте хабар таратады. Ол ID TV желісінде Қазақстан бойынша абоненттерге қолжетімді және semeytv.kz сайтында онлайн көрсетіледі.         

Semei телеарнасы жыл сайын жаңа телевизиялық маусымда  жаңа бағдарламалар ұсынуды әдетке айналдырған. Биыл сол үрдісті қайта жалғастыра отырып,  көрермен назарына "Алтын арқау", "Тарихи Семей", "Өнеге" жобалары ұсынылды.

SEMEI телеарнасының мерейтойына арналған салтанатта қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен сала ардагерлері мен үздіктеріне мерейтойлық төсбелгі мен грамоталар табыс етілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети