05 сәуір 2021 11:01

Шымкент әкімі ауруханалардағы заңсыздықтарды бақылауға алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар көтерме сауда қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралап, жұмыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар көтерме сауда қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралап, жұмыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов "НПО ЗЕРДЕ", "АҚ НИЕТ", "Аптека №5", "ATAMIRAS.S" ЖШС қоймаларын аралап, резерв қорларын қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.

Былтыр коронавирус инфекциясын емдеуге қолданыған дәрілерге бюджеттен 180 миллион теңге бөлінсе, биыл 659 миллион теңге тұрақтандыру қорына бөлінбек. Нәтижесінде дәрі бағасы 15-30 пайызға төмендеген.

"Бүгінде Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Дәріханалар мен емханаларда ыстық түсіретін антибиотиктер секілді вирусқа қарсы қолданылатын 4 миллион 144 мың дана дәрілік зат бар. Бағалары 25 теңгеден басталады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов күніне 20 мың бетперде шығаратын "Bіzhon" ЖШС жұмысымен танысты. 2020 жылы сомасы 78 400 000 теңгеге 2 240 000 дана медициналық бетперде өндірген.

"Экофарм" ЖШС-да бірнеше және бір рет қолданылатын медициналық киімдер тігіледі. Өндіріс орны тәулігіне 2000 дана медициналық қорғаныс киімін тігуге қауқарлы. Өткен жылы 648 876 дана медициналық бұйым шығарды.

"Айкөмек 109" орталығында қаладағы фарм компаниялардың және тиісті сала басшыларының қатысуымен онлайн жиналыс өтті. Онда фармацевтикалық мекеме өкілдерінің мәселесі қаралған.

"Өткен жылғы қателікті болдырмау үшін дәріханалар мен қала тұрғындарына барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тек дәрігер нұсқаулығымен ғана сатылуы керек. Коронавирус жұқтырғандар ауруханаларда тегін ем қабылдайды. Заңсыздықтар болса, басшылар қатаң жауапқа тартылады. Бұл менің жіті бақылауымда болады", - деді қала басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети