17 қараша 2021 15:53

Шымкентті қарлы дауыл басып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентті қарлы дауыл басып қалды. Жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентті қарлы дауыл басып қалды. Жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Шымкент маңында қалың қар жауғаны түсірілген видеолар жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарын сақ болуға шақырды. Синоптиктер мәліметінше, 17 қарашада жел секундына 25 метрге дейін күшейетіні туралы ескерту жарияланған. Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, 18 қарашада қалада қар жауып, бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан 8-13м/с жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Еске салайық, еліміздің оңтүстік өңірлерінде жел, боран соққаны хабарланған болатын. Жамбыл облысында полицейлер жолда дауыл соққанын видеоға түсіріп, жүргізушілерге ескерту жасады. Жел облыстың бірнеше елді мекеніндегі газ құбырларын да зақымдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети