Шымкентте перзентхана маңында жойқын жарылыс болды. Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді. Әлімханұлы уақытша әлем чемпионы атанды. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.
Шымкентте перзентхана маңында жойқын жарылыс болды. Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді. Әлімханұлы уақытша әлем чемпионы атанды. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.
Қазақстан оқушыларына сыйақы беріледі
Президент халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдер туралы нормаларды көздейтін "Білім туралы" заңға түзетулер енгізді. Мемлекет басшысы халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,77 миллион теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3,18 миллион теңге), қола медальға 500 АЕК (1,55 миллион теңге) көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі. Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі.
Тоқаев биологиялық қауіпсіздік туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Аталған құжаттар биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың үйлестірілген жүйесін құруға, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға арналған. Бұл заңдарда биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылымның басымдықтары мен бағыттары да айқындалды. Осы және басқа да жаңа нормалар "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарында жазылған.
Шымкентте перзентхана маңында жойқын жарылыс болды, үш адам қаза тапты
Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды. Төтенше жағдай ауруханааралық дәріханада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газдың жиналу себебінен болды. Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс салдарынан №138 ауруханааралық жеке дәріхананың ғимараты жанғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыстан қаза тапқандар саны - 3. Шымкенттегі жарылыс дерегі бойынша Еңбекші АІІБ қызметкерлері ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады.
Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі жарылыстан бір тәулік өткен соң перзентхана мен дәріхана қандай жағдайда екенін көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді
Қазақстанда күн бұзылады. Алдағы күндері республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар, екі градустық үсік жүреді. Желдің екпіні секундына - 15-20 метр.
Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша "тұрақты" әлем чемпионы атанды. Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Әлімханұлы бірден қарсыласына қысым жасап, бірінші раундта Дигнумды нокдаунға түсірді. Ал екіншісінде ұлыбританиялық күшті соққыны жіберіп алып, терең нокаутқа түсті. Әлімханұлы 12-жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Белгілі қазақстандық футболшы Сергей Гороховодацкий қайтыс болды
73 жасында танымал футболшы әрі бапкер, Қазақстан футболының аңызы Сергей Гороховодацкий дүниеден озды. Ол 1973 жылы Өскеменнің "Восток" командасына ауысып, Қазақстанға келеді. Сол сәттен бастап оның тағдыры мен мансабы Қазақстанмен байланысты болып, танымал ойыншы әрі мықты бапкерге айналды. Сонымен қатар, алматылық "Қайрат" пен Семейдің "Спартак" командасында ойнады. Бапкерлік қызметінде қызылжарлық - "Авангард", семейлік - "Спартак", елордалық - "Жеңіс", қарағандылық - "Шахтер", қызылордалық - "Қайсар" және Сәтбаев қаласының "Қазақмыс" командасын жаттықтырды. 2000 жылы елордалық командаға алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын алып берді. Гороховодацкий Қазақстанның олимпиадалық құрамасын (1995/96), жастар құрамасын (2009) және ұлттық құрамасын (1998) жаттықтырды.
Фото: ҚФФ
Ресей Қорғаныс министрлігі "Азовсталиді" басып алғанын мәлімдеді
Ресей Қорғаныс министрлігі "Азовстали" аумағына толық бақылау орнатылғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 20 мамырда "Азов" батальонының жауынгерлерінің соңғы тобы - 531 адам, оның ішінде бөлім командирлері берілді. 16 мамырдан бастап "Азовстали" қорғанысын ұстап тұрған 2439 украин әскері тұтқынға түсті. Комбинаттың жерасты құрылыстары Ресей әуекемелерінің бақылауына өтті. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұл туралы президент Путинге хабарлады. Украина президенті Владимир Зеленский Мариупольдағы "Азовсталь" металлургия зауытының Ресей әскеріне берілгенін жанама түрде растады. Кәсіпорындағы адамдардың барлығы дерлік зауыттан шығарылды, деді Зеленский 24 мамырда кешке "Украина 24" телеарнасында көрсетілген сұхбатында. "Азаматтар шығарылды. Дәрігерлер шығарылды. Ауыр жараланғандар шығарылды. Жақын арада бәрін шығару аяқталады", - деді ол.
Фото: Reuters
Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті
21 мамырда ДДСҰ ұйымға мүше 12 эндемиялық емес елден 92 адамның маймыл шешегі ауруын жұқтырғаны туралы хабарлама алды. Тағы 28 жағдай тексеріліп жатыр. Бүгінде осы аурумен байланысты бірде-бір өлім тіркелген жоқ. ДДСҰ мәліметінше, маймыл шешегі ауруы эндемиялық аймақтардағы саяхатпен байланысты емес. Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!