14 тамыз 2020 14:50

Талдықорғанда журналист Бейсен Құранбектің муралы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Талдықорғанда танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талдықорғанда танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің муралы салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мурал журналист жұмыс істеген "Жетысу" телеарнасының маңындағы үйдің қабырғасында пайда болады. Портреттің авторы жас суретші - Еркеғали Иманғали.

"Біз үшін Бейсен Құранбек журналист қана емес, ол - ұстаз, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан тұлға. Ол көптеген жас журналисті тәрбиеледі, Қазақстандағы мыңдаған адамның мәселесін шешті. Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін зор құрмет", - дейді суретші.

Айта кетейік, Бейсен Құранбек 2013 - 2017 жылдары Qazaqstan телеарнасында "Айтуға оңай" бағдарламасын жүргізген, Алматы облысындағы "Жетысу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

2020 жылдың 18 мамырында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети