Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

03 Желтоқсан 2019, 14:34
0
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды - Айтқазы Қарабалаев © z-taraz.kz
Айтқазы Қарабалаев © z-taraz.kz

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қызметке Айтқазы Қарабалаев келді.

Айтқазы Қарабалаев 1966 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Талдықорған заң институтын "экономист" және "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын "Дружба" қызылша совхозында жұмысшы болып бастаған. Әр уақытта Тараз қаласы Экономика және сауда басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, алымдар мен жекелеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі агенттіктің директоры болды.

Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше, Айтқазы Қарабалаев өлеңдер мен әндер жазады. Олардың бірнешеуін ол Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 жастағы оқушы зардап шеккен жергілікті мектептегі оқыс оқиғаға байланысты Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты жұмыстан босатуды тапсырған. Облыс әкіміне ескерту жарияланды. Қайрат Досаев биылғы 24 сәуірден бастап қала әкімі қызметін атқарған.

Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Артынша бұл жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды. Ал бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды

Тараздағы зорлық ісінен кейін ел мектептерінде қандай өзгерістер болады?


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай