27 тамыз 2021 10:26

Тараз маңындағы жарылыстар: үш әскери қызметші байланысқа шықпай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған өртте үш әскери қызметші жоғалып кетті. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған өртте үш әскери қызметші жоғалып кетті. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің әскери бөлімде барлығы 135 адам қызмет етеді, оның ішінде бірнеше азаматтық қызметші мен әскерилендірілген күзет бар. Олардың басым бөлігі келісімшарт бойынша жүрген әскери қызметшілер. Шамамен 15 офицер. Онда мерзімді сарбаз жоқ. Біз әлі үш әскери қызметкермен байланыс орната алмай отырмыз, Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше адамы да жоғалып кетті. Ту мен құжаттарға келетін болсақ, кейбір әскери қызметші сонда соңына дейін қалып, қазіргі уақытта қару-жарақ, құжаттар, ту қауіпсіз жерге көшірілді", - деді Нұрлан Ермекбаев.

27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19.00-де қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети