21 қараша 2018 | 17:25

"Тарихтың негізгі қағидасы - одан ғибрат алу". Қызылордада Елбасының мақаласы талқыланды

Қызылордалықтар Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын зор ықыласпен қабыл алды. Мақаламен танысып шыққан сырбойылық ғалымдар мен интелегенция өкілдері, қоғам қайраткерлері және жастар өздерінің ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісуде. Солардың бірі - облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалықтар Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын зор ықыласпен қабыл алды. Мақаламен танысып шыққан сырбойылық ғалымдар мен интелегенция өкілдері, қоғам қайраткерлері және жастар өздерінің ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісуде. Солардың бірі - облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов.

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы тәуелсіз еліміздің тарихи даму кезеңінің жүрек соғысын дөп басқан тұжырымдар жинағы. Бұл адамзаттық жаңғырудағы қазақ болмысын түсінуге мүмкіндік беретін мақала. Ұлы дала кеңістігінде 3000 жылдан аса уақыт тезінен өткен "көшпенділер өркениеті" өзінің творчестволық эволюциясын бастан кешіріп келеді. Осындай уақыт пен кеңістіктің тоғысуы арқылы қалыптасқан қазақ халқының, ұлтының тарихын үзіп-созып, жырымшылап қарауға, қарабайыршылдыққа салуға болмайды. Қазақты қазақ, жеке ел етіп отырған, тал бесігі - дала. Сондықтан өткенімізден ой түймей, бүгінімізді сараламай, келешегімізді бағдарламай, олардың барлығын тұтас бір тарихи процесс ретінде қарамай, толыққанды дами алмасымыз анық.

Реклама
Реклама

"Тарихтың негізгі қағидасы - одан ғибрат алу. Мақаладағы ұстанымдар әлемдік өркениеттен ойып орын алар, төл құндылықтарымызды шын мәнінде ұлттық деңгейде сезінуімізге ой салды, толғандырды. Әлемде өзінің біріншілік орнын мәңгі ұстап тұра алған ешқандай халық болған жоқ. Бірақ тарихтың қойнауында қалса да адамзат үшін ерекше құндылық саналатын әр халықтың ұлы жетістіктері болады. Ондай мақтаныш сезімімізді тудыратын дәйектеріміз жеткілікті. Мысалы, белгілі геолог С.Х.Болдың мәліметі бойынша б.э.д V-VI ғасырларда Жезқазған өңірінде миллион тоннадан астам кен өндірілген екен. "Жібек жолы" тек сауда жолы емес, ол мәдени өркениеттердің тоғысу жолы болды. Бір ғана Сырдың орта, төменгі ағысында 300 қала мен елді-мекендер болған. Олай болса, Ұлы дала бұл шөл, құм басқан, сағымы бұлдыраған дала емес, қала мен даланың синтезі болып саналады", - дейді Байқадамов.

Мақалада айтылғанның барлығын игере отырып, бүкіл түркі әлемінің ерік-жігеріне күш беретін, мұрамыздағы Ұлы дала рухының жоғары болуына қол жетпек.

"Бұл өз кезегінде ұлттық намысымызды қамшылап, рухымызды қайрап, қадір-қасиетімізді тасытар құбылыс болмақ. Ендігі кезекте мақаладағы Елбасының идеялары көлемінде өлшеусіз жұмыстар күтіп тұр. Ол жұмыстар "бұлар өздігінше мемлекет болып тұра алмайды",- деп сәуегейшілдікке салынып жүргендерге қаһармандық жауабымыз болмақ. Сол жолда барлығымыз бір болғанымыз жөн. Мақаланың да түпкі мақсаты елдің бірлігі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, азаматтығымыздың мәңгі болуын көздейді, - деп қорытты Наурызбай Байқадамов.

Елбасының жаңа мақаласы жарияланды


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram