17 желтоқсан 2021 17:51

Тбилисидегі телемұнара Қазақстан туының түсіне боялды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Тбилисидегі телемұнара Қазақстанның Мемлекеттік туының түсіне боялды. Грузия осылайша елімізді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауды ұйғарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Мтацминда тауында орналасқан телемұнара - қаладағы ең биік нүкте. Мерекеге орай ол аспан көк және сары түске боялған. Грузия астанасы тұрғындары мен қонақтары осындай көріністі тамашалады.

Сербия астанасындағы басты көрікті жерлер - Ұлттық жиналыс үйінің үлкен күмбезі, Албания сарайы мен көпірлер Қазақстан Туының түсіне боялды.

Қазақстан елшілігінің қолдауымен Белград елді Тәуелсіздік мерейтойымен, сондай-ақ, Сербия мен Қазақстан арасындағы қатынастың 25 жылдығымен құттықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети