20 сәуір 2023 10:04

Теміртау қаласының тұрғындары қоқыс тарифінің қымбаттауына қарсы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау қаласының тұрғындары қоқыс тарифінің қымбаттауына қарсы. Тұрғындардың айтуынша, қаладағы қоқыстың төлем ақысы екі есеге өспек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Теміртау қаласының тұрғындары қоқыс тарифінің қымбаттауына қарсы. Тұрғындардың айтуынша, қаладағы қоқыстың төлем ақысы екі есеге өспек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қазір тұрғындар айына әр текше метріне 280 теңге төлесе, енді 740 теңге болуы мүмкін. Монополист мұндай әрекетке баруын 2021 жылы экология кодексіне енгізілген өзгерістермен байланыстырады.

Алайда олар бағаны тек қалалық мәслихат депутаттары мақұлдаған жағдайда ғана көтере алады. Ал тұрғындар компанияның қазірдің өзінде міндеттерін дұрыс атқармай отырғандығын айтып шағымданған.

"Әрине, тарифті көтеру керек, бірақ мұндай сомаға емес. Бастапқыда 740 теңге туралы айтылды. Біз қалада қоғамдық тыңдау өтетініне қол жеткіздік, сол жерде неліктен өсетіні талқылану керек", - деді Теміртау қаласының тұрғыны Румиль Сабиров.

Қалалық мәслихат депутаты Әзиз Оразұлы тарифтік өзгерістер жаңа Экологиялық кодекске қатысты екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети