16 қараша 2023 16:04

Террористік топ құрамына кірген қазақстандық Болгариядан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Террористік топ мүшесі Болгариядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Террористік топ мүшесі Болгариядан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады. Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтардың бірінің құрамына кірген", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты оған қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды. Мамырда ол Болгария аумағында ұсталған.

"Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екіжақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды".

Оған айып тағылған қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети