Тимур Құлыбаев UWW президентімен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© zimbio.com © zimbio.com

Лозаннадағы Біріккен күрес әлемінің UWW резиденциясында Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен United World Wrestling басшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Ненад Лалович мырзаның кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Лозаннадағы Біріккен күрес әлемінің UWW резиденциясында Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен United World Wrestling басшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Ненад Лалович мырзаның кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында қос тарап ағымдағы жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына дайындық кезеңін талқылады. Аталған сын Токио Олимпиадасына лицензия таратады. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ден 6-шы орын аралығында орналасқан балуандар төртжылдық додасына тікелей жолдама алмақ. Олимпиада қарсаңындағы маңызды додаға әлемнің мыңға жуық балуаны қатысады деп күтілуде. Өткен жылғы әлем чемпионатына 850 спортшы қатысқанын айта кету керек. UWW президенті Қазақстан астанасындағы әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

"Қазақстанда дәстүрлі күрес мектебі бар. Бұл балалар мен жастар арасында кең таралған бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Біздің елімізде күрес түрлерінен Академия жұмыс істеуде. Мұндағы тәрбиеленушілер Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғап жүр. Ірі спорттық жарыстарды өткізу тәжірибеміз мол, сондықтан, елордада әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз. Осы орайда, Олимпиада ойындарының қарсаңында мұндай ірі спорттық оқиғаны өткізуді бізге сеніп тапсырғаны үшін Біріккен күрес әлеміне алғысымды білдіремін", - деді Тимур Құлыбаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан ҰОК пен UWW арасындағы әріптестік мәселесін, сондай-ақ, еліміздегі еркін, әйелдер және грек-рим күресінің даму қарқынын талқылады. Биылғы жылдың 4-8 шілдесі аралығында Нұр-Сұлтанда кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан Азия аймақтық іріктеу турнирін өткізуден де үмітті. Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында жолдамадан ала алмаған балуандардың аталған сында лицензияны иеленуіне мүмкіндік беріледі. Турнирде бірінші және екінші орын иемденген спортшылар үшін Олимпиадаға жол ашылмақ.

Сонымен қатар, кездесуде Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясын UWW қатарына қосу мәселесі оң шешімін тапты. Айта кетелік, 2017 жылы құрылған Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясын Қанат Бозымбаев басқарады. Бүгінде федерация құрамына 29 мемлекет енген. Сондай-ақ, Qazaq Kuresi федерациясы еліміздегі олимпиадалық спорт түрлері мен аталған ұлттық спорт түрін дамытуды қолға алған Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының мүшесі саналады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro