27 наурыз 2019 15:42

Тоқаев АҚШ-тың жаңа елшісінен сенім грамотасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Бауыржан Жуасбаев Фото Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісі Уильям Мозерден сенім грамотасын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісі Уильям Мозерден сенім грамотасын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Грамотаны тапсыру рәсімі Ақорданың мәрмәр залында болды. 

Уильям Мозер Қазақстанда елші болатынын АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылы тамызда хабарлаған еді. 


Фото Бауыржан Жуасбаев

Бұған дейін Мозер АҚШ-тың Украина, Қазақстан, Мысыр, Суринам мен Малидегі елшілігінде жұмыс істеген. 2011-2015 жылдары АҚШ-тың Молдовадағы елшісі болды. 

Соңғы жылдары мемлекеттік департамент басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мозер орыс, неміс және француз тілдерінде еркін сөйлейді. Саясат ғылымдары саласында дипломы бар. 

Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін Джордж Крол атқарған еді. 2018 жылы ол дипломатиялық миссиясын орындап, қазақстандықтармен қоштасты. 


© Бауыржан Жуасбаев

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети