01 маусым 2022 18:45

Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Дәйексөз ұлттық жүйесін құру керегін атап өтті, оның пікірінше, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін күшейтуді талап етеді, деді ол.

"Елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту үшін салалық министрлікті екі ведомствоға бөлу керек деп есептеймін, олардың бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады", - деді Тоқаев Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиындағы сөзінде.

Тоқаевтың айтуынша, ол көрсеткен барлық шешім Қазақстандағы ғылымды жан-жақты дамытуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети